Роман түрмеге алғаш рет 16 жасында түсті. Төбелесіп, қарақшылықты кәсіп еткені үшін тоғыз жыл жаза арқалады. Абақтыда оқшауланған топты жағалаған ол деструктивті діни ағымның уысына түсіп қалғанын кеш түсінді. Кейін сол радикалды идеологияның күшімен жастардың арасына жік салып, екінші рет тағы істі болды. Бұл жолы тағылған айып ауыр.