Жерлестер жеңісі көңіл қуантады

Талаптыға нұр жауар. Шын ниеттенген, аянбай еңбек еткен қашанда мақсатына жетеді. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі болса да. Астанада өткен «Көкейімдегі бар әлем» атты республикалық шығармашылық фестивалінде өңіріміздің ұландары жеңіске жетті. I топ мүгедегі Арман Кенжебай мен III топ мүгедегі Шәкір Ғияс фестивальдің «Қысқаметражды кино» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Back to Top