Сағындық сені Жұма | Қысқаметражды қазақша мультфильм (2021)

🔸САҒЫНДЫҚ СЕНІ ЖҰМА Жұма сүресі, 9-аят: «Ей, мүміндер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы». Пайғамбарымыз Мұхаммед (сас): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам (ас) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ», – деп айтқан. (Муслим) Әбу Һұрайрадан (ра) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз (сас) жұма күні туралы сөз сөйлеп: «Онда бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Алладан қажетін сұрайтын болса, Алла оған береді»,– деді және қолымен оның (сағаттың) аздығына ишара етті». (Бұхари, Муслим) Әбу әл-Жағд ад-Дамрийден (ра) риуаят етілген хадисте: «Пайғамбарымыз (сас): «Кiмде-кiм жұма намазын үш рет себепсiз (елемей) қалдырса, Алла оның жүрегiн мөрлеп қояды», – деген. (Тирмизи, Ахмад) Күндердің сұлтаны, Жұма, сағындық сені! Қасиетті Жұма күні құтты болсын! Уа, Раббым, жүректерімізді мөрлей көрм
Back to Top