500 ТЕҢГЕГЕ АУЫЗЫШАР - “Зекет“ қоры және “Муфтият жастары!“

? 500 ТЕҢГЕГЕ АУЫЗЫШАР “Зекет“ қоры және “Муфтият жастары!“ ??‍♂ Ассалаумағалейкум бауырлар! Естеріңізде болса қасиетті Рамазан айында “500 ТЕҢГЕГЕ АУЫЗАШАР” атты қайырымдылық жобамызды ұйымдастырған едік. Сіз-біз болып қуанарлық нәтижемен, абыроймен өткіздік деп ойлаймыз, Аллаға шүкір. Барлығы біріншіден Алланың, екіншіден мына Сіздердің арқаларыңызда, бұл Сіздердің ауызашарларыңыз! Алла қабыл етсін, мол сауаптан жазғай! ? Енді міне Сіздерге уәде бергеніміздей, сол кездегі шотымызға келіп түскен және жұмсалған шығындарды ашық көрсететін кез келген секілді. Санаулы күндер ішінде шотымызға келіп түскен нақты қаржы көлемі: 2 614 361 теңге. Ал жұмсалған шығындар: 2 560 000 теңгені құрады. Нәтижесінде қаламыздағы (Нұр-Сұлтандағы) 300 адамдық “Al-Baraka“ халал-мейрамханасында 1000 адамға ауызашар берілген болатын. Келіп түскен ақшаның көптігінен маусым айының 2-сі, 3-і, тіпті 4-іне дейін толастамады. Соңында тіпті Рамазан айы да бітіп кетіп, шотымызда тағы да 700 000 теңгедей қаражат артылып қалған еді. Ол ақшал
Back to Top