Астана XXI ғасыр

Асқақ Астана – 20 жаста! Бас қаламыз Астананың мерейтойымен еліміздің танымал азаматтары құттықтап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіруде. Нзарларыңызға ұсынылып отырған алғашқы бейнероликте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі “Гранд Операда“ Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі Майра Мұхамедқызы Астананың көркейіп келе жатқанын айтады. Қытайдан Алматыға қоныс аударған атақты әнші сол жылдардағы әдемі естеліктерімен бөліседі, күн санап жасарып келе жатқан Астананы айтып, кеудесін мақтаныш сезімі кернейді. ⠀ Назарларыңызға күн сайын “Астана XXI ғасыр” жобасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының тапсырысымен жасалған бейнероликтерді ұсынамыз. Толық ақпаратты сайтынан көре аласыздар. ⠀ #АстанаXXIғасыр #Астана20жыл #astana21century #Астана20лет #fpp_kz #столицаXXIвека #Астана #Astana
Back to Top