Облыс әкімі өңір тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Осыдан бірнеше күн бұрын жылғалардан су ағып, күн шуағын төгіп, баршамызды қуантып еді. Кешеден бері терісінен жел соғып, аяз көтеріліп, әлекке салып тұр. Дегенмен, бұл солтүстік халқына кедергі емес. Жерлестеріміз облыс орталығындағы басты алаңға келіп, әз Наурызды таңнан бері тойлауда Облыс әкімдігі алдындағы алаң адам танымастай өзгерген. Мұндағы үлкеннің де, кішінің де жүзі жадыраңқы. Бүгін олар салт-дәстүрдің, ұлттық ойындардың куәсі болады, ас-судан дәм татады. Жергілікті өнерпаздар мен отандық эстрада жұлдыздарынның құлақтың құрышын қандыра шырқалған әнін тыңдап, биін тамашаламақ.
Back to Top