“25 қайырымды іс“ акциясы бастау алды

«Жанашыр жүрек»! Осындай атаумен қазанның 3-і күні елімізде халықтық акция бастау алған болатын. Шара Республика күніне арналған. Жобаның негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қоғам арасындағы қайырымдылық мәдениетті дамыту. Науқан аясында қазір түрлі игі бастамалар қолға алынуда. Мәселен, бүгін “25 қайырымды іс“ акциясы өтті. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған жиынға облысымыздың күміс еріктілері мен жастар ресурстық орталығының мүшелері қатысып, алдағы мерекеге дейін өтетін шараларды талқылады.
Back to Top