«Аллаға жағамын десең, азанды бол!». Осы тақырыптағы рухани сайыс Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының тапсырмасымен Шымкенттегі орталық мешітте өтті. Облыс көлемі түгілі, Республика ауқымында алғаш рет ұйымдастырылған байқауға өңіріміздің 52 имамы қатысты. Рухани астанамыз Түркістаннан келген Жүсіпбек Қасымбековтің азан шақыруы көп көңіліне қонды. Жеңімпаз атанған ол бұйыртса, Елордасы Астанада өтетін дәл осындай байқауда Оңтүстік облыстың намысын қорғайды.