Бұл өлеңді тыңдай бергің келеді Болат Жөкебай Адалдықты аңсаймын

Болат Жөкебай - Адалдықты аңсаймын (2022) Жүктеу: Мен несіне тағдырға кектенемін? Жүрегімде тұрғанда отты өлеңім. Бетіңе күліп қарап, ал сыртыңнан. Ғайбаттайтын адамды жек көремін. Шешімін таппай қиын сұрақтардың. Мен қанша адамдарға сыр ақтардым. Бірі теуіп, ал бірі қолын созды, Шырмауында қалғанда сынақтардың. Өкініштің басылмай көк тұманы. Махаббаттың өмірде жоқ тұрағы. Ерсіздіктен егілген ерсі мына, Мен өмірді жұбатқым кеп тұрады. Қаламаймын жақынның жат болғанын. Кінәсіздің алдымда ақталғанын. Орындалып ең ғажап тәтті арманым. Адалдықтың аңсаймын ақ таңдарын... Болат Жөкебай
Back to Top