Бар Қазақты жылатқан өлең ... Айтбек Тұрсынбай Қаншама жан бар!!! Поэзия.
Айтбек Тұрсынбай - Қаншама жан бар (2022)
Жүктеу:
Қаншама жан бар бала сүймеген,
Тал бесік жасап, ағаш имеген.
Қара домалақ перзентің болса,
Хан ордасы ғой қараша үй деген.
Қанша сәби бар ананы ембеген,
Шыр етуге де шама келмеген.
Жаялықтары кебінге айналып,
Қауышқан мәңгі қара жерменен.
Қаншама жан бар қара күшпенен,
Азығын тауып, адал істеген.
Бұл бес күндікте пақырлар аз ба?
Бүйірі шығып тамақ ішпеген.
Айтылған қанша қасіретті өлең,
Сұлулар қанша ғашығы өппеген.
Жесірлер қанша сыңарсыз қалып,
Жетімдер қанша жасы кеппеген.
Қаншама жан бар жыраққа кеткен,
Көзінің жасы бұлақтап өткен.
Қанша ақымақ бар елінен безіп,
Жат топырақтан жұмақ дәметкен.
Қаншама қу бар құнын ұмытқан,
Жүйрікті жаяу жүгіріп ұтқан.
Жылпостар аз ба амалын тауып,
Жыландай арбап іріні жұтқан.
Қаншама жан бар жазықсыз өлген,
Қаншама мал бар қазықсыз өрген.
Бәйтеректерді балта құлатып,
Арамшөптер бар қауіпсіз өнген.
Басынан қымбат бөріктер қанша,
Басылмай кеткен желіктер қанша.
Жер астындағы тірілер қанша,
Жер бетіндегі өліктер қанша.
Қаншама ер бар елім деп өткен,
Жанары жасын, көмілген отпен.
Ақиқат қанша аузы буылған,
Қаншама сыр бар көңілде кеткен.
Замандар қанша құйынды ойнатқан,
Қан майдан қанша үйіңді ойлатқан.
Қаншама ыстық аптапты көрдің,
Қара қарғаның миын қайнатқан.
Тағдыры түрлі қаншама жан бар,
Арманды кетер аңсап адамдар.
Жүрегі жұмсақ жан боп өтейік,
Белгі боп баста қалса да мәрмәр.
9 views
195
52
8 years ago 00:21:18 152
Қуат Хамитов: Ережесіз жекпе-жек қазақтың қанында бар
5 years ago 00:22:00 74
ҚАЗАҚТЫҢ МЕЙРАМЫ ЕМЕС | «КАЙРАТ» алтыншы серия
7 years ago 00:01:38 23
“Қазақтың да құқай көрсетуге қауқары бар екен“
11 months ago 00:08:05 1
ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ БИЛІККЕ ОҢДЫРМАЙ АЙТЫП САЛДЫ
3 years ago 00:02:58 10
Бар Қазақты жылатқан өлең ... Айтбек Тұрсынбай Қаншама жан бар!!! Поэзия.
3 years ago 00:12:12 1
«Жігіттер» квартеті: жақсылық жасау қазақтың генінде бар
2 years ago 00:25:13 1
348. Атомнан да зор қуат көзі бар қазақтың басшыларын ібілістің қақпаны рухани заңдылық
1 year ago 00:30:59 1
Қазақтың қажылығы ақиретке көпір салумен Әр нәрсенің жұбы бар
1 year ago 01:04:31 1
Елдос Тоқтарбай | “Қазақтың қанында бар тексіздік пен сатқындық қазақты орға жығып келеді…”
7 years ago 00:07:19 413
МАСҚАРА І ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ НЕ БОЛЫП БАРА ЖАТЫР? І NNNews#3
6 years ago 00:04:03 8
ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ХАНЫ
11 years ago 00:04:06 46
Қазақтың ата-бабалары
6 years ago 00:04:53 1
Әсіп - қазақтың ұмтылып бара жатқан ұлттық тағамы. “Қайырлы таң“ бағдарламасы.
3 years ago 00:01:01 99
ШYNGYS – Қазақтың тойы бітпесін (Трек, 2021)
2 years ago 00:26:37 1
Қазақта атомнан да зор қару күші бар әлемді басқаратын Қобдабайдан 1
5 years ago 00:07:53 53
Қазақтың тойбастары Германия төрінде, Димаш жанкүйерлерінің кездесуі