Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi
Кеше, 23 қаңтар күні, Ресейдің бірнеше қаласында оппозиция өкілі Навальныйдың жақтастары наразылыққа шықты. Түс ауа басталады дегенімен, ертесімен шыққан қалалар бар. Наразыларға үскірік аяз бен полиция қақтығысы кедергі емес сияқты. Олар “ұрылар, алаяқтар, бостандық” деп ұрандатып, адамдарды ұстап әкетіп жатқан жасаққа мейлінше қарсылық көрсетті. Бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, ұсталғандар саны 3000-нан кем емес.
Ал Навальныйды бірнеше күн бұрын Германиядан келе сала, 30 күнге қамады. Түрмеде отқанда шыққан “Путиннің зәулім сарайы” зерттеуін 76 миллионнан астам адам көрген. Митинг қарсаңында оның бірқатар жақтасы ұсталды. Бүгінгі шығарылымда Ресейде не болғаны және оның Қазақстанға қандай әсері болуы мүмкін екені туралы сөз қозғаймыз.