Ауылым
Жырымды алғаш тыңдаған ауылымды сағындым.
Қош айтысып қол бұлғаған баурымды сағындым
Ақша бұлты жарасқан аспанымды сағындым
Асық ойнап таласқан достарымды сағындым
Жаңбырдан соң даламның жайнағанын сағындым
Әнші құстар таң әнін сайрағанын сағындым
Еркелеткен жасымнан ағаларды сағындым
Мейірін төккен асыл жан жан анамды сағындым