«Ахмет Ясауи» телехикаясы 19 сәуірден бастап эфирге шығады

Түркияның мемлекеттік «TRT» телерадиокомпаниясы түсірген «Ахмет Ясауи» телехикаясы қазақстандық көрермендерге ұсынылмақ. 26 бөлімнен тұратын тарихи телехикая 19 сәуірден бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан эфирге шығады. «Ахмет Ясауи» телехикаясы түркі әлеміне ортақ тұлға, сопылық поэзияның негізін қалаушы, Орталық Азия мәдениетіне жаңаша бетбұрыс әкелген философ Қожа Ахмет Ясауидің ғибратты өмірі мен жүрiп өткен күрес жолын баяндайды. Режисері - Доган Умит Караджа, продюсері - Юсуф Эсенкал. Жоба тұсаукесері «TRT1» және «Qazsqstan» арналарынан сәуір айына жоспарланған. Бүгінгі күні «Qazaqstan» телеарнасының Кинокөрсетілім және дубляж бөлімінің мамандары - аудармашылар Баян Нұғман, Досым Зікірия, Жаннат Алдиярова, редактор Нағыз Қыпшақбай, дубляж режиссері Нүргүл Бекетаева, дубляж актерлері Ислам Зейноллаев, Мирас Жақыпов, Ақмарал Абдрахманова, Мұратбек Бейсембаев жобаны аударып, дыбыстауда. Телехикая 19 сәуірден бастап дүйсенбі-жұма күндері 21:30-да эфирге шығады. Бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Абай» телехикаясы түрік елінде көрсетілетінін хабарлаған болатынбыз. Осы сапарда «TRT AVAZ» арнасы сериалды түрік тіліне аудару жұмыстарын аяқтағанын мәлімдеді. Қазақстандық телехикая түркиялық көрермендерге «TRT AVAZ» эфирінен жақын күндері ұсынылады. Youtube-тағы арнамызға мына сілтеме бойынша жазылып, ең танымал, ең пайдалы, ең қызықты видеоларды тамашала. Қазақстан - Facebook - VK - Twitter - Instagram - Telegram - Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - Google Play - Арнаның ең танымал жобалары: -Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі» - Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy - - Танымал отбасылық сериал – «Жаңа қоныс» -
Back to Top