Мұсылман жұртшылығы мәуліт айын тойлауда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мұхаммед Пайғамбардың дүниеге келген айы құрметіне мерекелік концерт өткізді. Жиналған қаржы қайырымдылық мақсатында жағдайы төмен отбасыларға үлестірілді. Адамдардың абзалы атанған, Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың туған күні діни терминде «Мәуліт» деп аталады. Әлем мұсылмандары мұндай мерекені бір ай бойы тойлайды. Бұл уақытта құлшылық жасаумен қатар, шариғат шеңберінде Пайғамбарға арналған қасида, өлеңдер оқылып, нәбидің өмірбаяны дәріптеледі.
Back to Top