Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек.
Мобилизация кезінде барлық сала қатаң режимге көшеді. Ал бұл – әр жылдары өтіп тұратын жоспарлы іс-шара. Бұл туралы еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Әр облыс басшысы әскери басқару органымен бірлесіп, шақыртуды ұйымдастырады.
Шақырту туралы жарлық шыққан бойда өз еркімен сапқа тұрғысы келетіндерден өтініш көбейген. Әсіресе, жастар жағы «қандай көмек керек?» деп құлшынып тұр дейді министр. Бұл қуантады. Қиын кезеңде білегін сыбанып, еңбекке дайын тұрғандар шүкір, бар екен. Жиынға шақыртылғандардың жұмыс орны сақталады. Жалақысын уақтылы алады. Ал егер жұмыссыз болса, ең төменгі айлық яғни, 42 500 теңге төленеді.
Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуға қатысты қосымша сауалдарыңыз болса ҚР Қорғаныс министрлігінің 8 (7172) 72-15-11 call-орталығына хабарласа аласыз.
105 views
288
105
5 years ago 00:02:03 1
Арнайы жиынға шақырту алған әскери міндеттілерді оқыту басталды
5 years ago 00:01:37 113
Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыртуды жаппай мобилизациямен шатастырмау керек.
5 years ago 00:15:48 1
“ҚР Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру