темекі туралы

“БІР ҚҰМАЛАҚ“ 7 сыныпта оқимыз. Елдос Қытайдағы туыстарына кеткеніне үш айдан асты, сабақ жайына қалған. Оны ескеріп жүрген Елдос жоқ, хабар-ошарсыз! Сыныпта Елдостың жоқтығы білінеді. Артқы партаға отырып алып істемейтіні жоқ. Біз оны Тышқан дейтінбіз. Өйткені сыныпта ең кішкенеміз осы Елдос тұғын. Бірақ жүректі. Төбелесті бірінші бастайтын осы Елдос. ...Сонымен Тышқан досымыз Қытайдан бес ай дегенде келді ғой әйтеуір. Бəріміз Елдосты қоршап алып жағдайын, көрген білгенін сұрап жатырмыз. Бəріміз аң-таңбыз Нарынқолдан ары кім шығып көрді дейсің. Елдостың жүзін ерекше мақтаныш кернейді. Үстіне керемет “Adidas“ аяқта аппақ крассовка, киімі адам қызығарлық. Елдос қутыңдап бізге бір нəрсені көрсетуге асығатындай. Қоңырау соғылды, сабақта бітті. Елдос бəрімізді мектептің артындағы қуыс жерге бастады. Сыныптағы он бір ұл шеңбер болып отыра қалдық. Жымыңдаған Елдос қалтасынан бір нəрсені алып ортаға тастады. Бұл не? Бəріміз қарап қалғанбыз темекі, йə, йə темекі. Тоқсаныншы жылдары халықтың жағдайы төмен, дүкен бос,
Back to Top