Ғайбат айту жайлы

Ғайбат «Ғайбат зинадан да ауыр күнә» деген кезінде қасындағылар «Қалайша, уа, Расулалла?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Кісі зина жасайды, сосын тәуба етеді, Алла оны кешіреді. Ғайбат жасаушы жамандаған адамы кешірмейінше кешірілмейді»[8]. Сондықтан адамның жүрегін жаралап, рухына дақ са­латын ғайбат кісінің жеке құқығына қол сұғуға жататындықтан, оны тек қана ғайбатталған адам ғана кешіре алады. Құл ақысын Алла тағала емес, тек құлдың өзі кешіреді. Пайғамбарымыз сондықтан кісінің бүкіл жақсы амалдарын тып-типыл ететін ғайбат сөзден әркез сақ болуды ескертеді. Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізген бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім дүниеде мұсылман бауырының етін жесе (ғайбаттап, өсектеп) қиямет күнінде ол адамның еті оған ұсынылып «Оның өлі етін же. Өйткені, сен тірі кезіңде оның етін жегенсің» делінеді. Пайғамбарымыз осыны айтқаннан кейін «Сендердің араларыңнан біреу өлген бауырының етін жегенді ұнатады ма?» деп «Хужурат» сүресінің 12-аятын оқыған екен.
Back to Top