Грант иелері де жатақхана даулап жүр

Грант саны артты, тиісінше студенттер үйіне қоныстанатындардың да қарасы көп. Алайда, Елорда студенттері қолдарына жатақханаға рұқсат қағазын ала алмай жүр деп хабарлайды тілшісі. Қыркүйек келді дегенше, студент «ағылды» десейші. Бүгінде болашақ мамандар таңнан қара кешке дейін сарылып кезек күтуге мәжбүр, кітапханаға емес алайда. Себебі студенттердің оқулық емес, орынға таласуы қалыпты жағдайға айналғандай. Жылда сабаққа бас қатыратын сәт жеткенде, олардың мұңы мүлде еселене түседі. Оқу ақысының қымбаттығы бар, оған пәтер жалдауға мәжбүрлікті қосыңыз. Жығылғанға жұдырық. Біз əлеуметтік желіде: Telegram: VK: Facebook: Одноклассники: Instgram: Twitter:
Back to Top