Арзан бағада автобөлшектер сатып, СҚО тұрғындарын алдаған алматылық ұсталды. #СҚО_ПД #ДПСКО

Солтүстікқазақстандық полицейлер интернет-алаяқтың сегіз эпизодын жасады деген күдікпен Алматы қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскөй “құрал” ретінде белгілі жарнама хабарландырулардың сайтын пайдаланған. Ол қымбат көліктерге арналған қосалқы бөлшектерді төмен бағамен ұсынып, азаматтарды алдаған, – деп хабарлайды . Петропавл қаласының Полиция басқармасына интернет-алаяқтық фактісі бойынша бірден бірнеше арыз келіп түсті. Белгісіз ер адам астаналық сатушымын деп өзін таныстырып, “OLX” сайты арқылы шетелдік көліктің қосалқы бөлшектерін ұсынған. Қызығушылық танытқан адамдардан алдын ала төлем алған соң, ол бірден жалтарып, байланысқа шықпай қойған. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы алматылықты ұстады. – Алаяқтар интернет желісінде автокөліктер, олардың қосалқы бөлшектерін сату туралы хабарландырулар қояды. Кейін бағаларын арзандатады. Оны көрген адамдар сатушымен келісіп, ақшаларын жіберіп отырған. Күдікті келіп түскен ақшаны өзінің атына емес, басқа біреудің аты
В начало