«5-10-20»: Өтініш қабылдау басталды

«Шаңырақ: 5-10-20» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» хабарлауынша, оны іске асыруға биыл 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінбек. Осы қаржы есебінен 8 мыңдай отбасыны баспанамен қамту жоспарлануда. Бағдарламаның басты ерекшілігі, несиенің жылдың мөшерлемесі 5 процент. Ал, жеңілдетілген заемды алу үшін әкімдікте пәтер кезегінде тұруыңыз керек. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 10 пайыз бастапқы жарнаңыз болуы керек. Берілетін пәтердің бір шаршы метрінің құны Аломатыда 240 мың, Нұр-Сұлтанда 200 мың теңгеге дейін. Ал Шымкент пен Алматы маңындағы аумақтарда 180 мың, басқа өңірлерде 160 мың теңгеден аспауы тиіс. Баспаналар соғылған үйден беріледі. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top