Жауапсыз мердігерлер текелілік бүлдіршіндердің жаз бойғы демалысының шырқын бұзды. Тендерді ұтып алған компаниялар ойын және спорттық алаңдарын белгіленген мерзімде тапсырмаған. Құрылыс жұмыстарын әлі күнге созып келеді. Оның үстіне кейбір нысандардың сапасы сын көтермей тұр. Сондықтан, жергілікті әкімдік нысандарды қабылдаудан бас тартып, өз ісіне немқұрайды қараған кәсіпкерлерді сотқа беріпті.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!