Зейнетқордағы ақша 2,5 млн теңгеден астам қаржы жинағандарға беріледі

Зейнетақы қорындағы ақша 2,5 млн теңгеден астам қаржы жинағандарға ғана беріледі! Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қордағы жинақтың бір бөлігін кімдер және қандай жағдайда алуға қауқарлы екенін тәптіштеп түсіндірді. Зейнетақы жинақтары бар еңбекке жарамды жастағы азаматтар «жеткіліктілік шегі» деп аталатын сомадан асатын бір бөлігін ала алады. Бұл әйелдер мен ерлер үшін бірдей және 20 жастан бастап есептеледі. Мәселен, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңгені құраса, 35 жас үшін 2 млн 961 мың теңге, 40 жас үшін 3 млн 437 мың теңге, 45 жас үшін 3 млн 947 мың теңге, 50 жас үшін 4 млн 495 мың теңге, 55 жас үшін 5 млн 084 мың теңге, ал 60 және одан үлкен жастағылар үшін 5 млн 586 мың теңгеге тең. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Back to Top