ҰБТ кезінде 500-ге жуық түлек аудиториядан шығарылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы бес күнінде смартфон, шпаргалка және өзге де көмекші құралдарды пайдаланғаны үшін 500-ге жуық түлек аудиториядан шығарылып, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айрылды. Мұндай мәлімет Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Одан бөлек, 12 талапкердің дене қызуы көтерілген соң олар көппен бірге емтихан тапсыра алмады. Алайда бұл түлектер сынақтың соңғы күндеріне дейін тестілеуден міндетті түрде өтеді. Тек бөлек аудиторияда. ҰБТ биыл екі аптаға жоспарланған. Бүгін тестілеудің алтыншы күні. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top