Қазір әлемдік ақпарат айдынында ең көп көріліп, талқыланып жатқан тақырып АҚШ-тағы толқулар мен Илон Масктың ракетасы. Америкадағы жағдай белгілі. Ішкі проблема ұлттық шеңберден шығып, дүниежүзінің ақпарат құралдары үшін азыққа айналып отыр. Бірақ бұл уақытша құбылыс екенін бәрі түсінеді. Ал Илон Масктың ғарыш кемесіне келсек, ол космонавтика тарихына жаңа бетбұрыс әкеліп отыр. Ал бұл Ресей сияқты державаның ғарыштық амбициясына соққы. Себебі енді күллі әлем орыстың емес, Илонның зымырандарын қолдануға ұмтылатыны анық.
Енді елге келейік. Біздің ақпарат кеңістік пен әлеуметтік желі апта бойы мини юбка киген қыз туралы роликтің төңірегіндегі айтыс-тартыстан әрі аспады. Керек десеңіз, кей белсенді белдемше челленджін бастады. Ондағысы, қысқа юбка кигеннің бәрін жеңіл жүрісті деп қарамауға үндеу. Қысқасы феминистер мен сексистердің кезекті текетіресі бұл.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан