Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы бойында, Достық және Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында «Өз еліңді бұзба» деген атаумен тұңғыш рет жемқорлыққа қарсы мурал ашылды. Үйдің қабырғасына салынған алып кескіндеме Адалдық алаңы акциясының аясында жүзеге асып отыр. Суреттегі композиция өскелең ұрпақтың санасына адалдық, шыншылдық қағидаларын сіңіруді мақсат тұтады. Өте жақсы бастама.
Еліміздің әрбір қаласында жемқорлыққа қарсы осындай насихаттық маңызы зор мурал суреттер салынса, артық етпейтін сияқты. Себебі жең ұшынан жалғасқан кеселдің тамыры тым тереңге кеткеніне ешкім сірә шек келтірмейді. Келесі сюжетте көрсетілетін шағын ғана мысалдар үлкен проблеманың әр қырын көрсетеді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан