Көлгінов елорда халқына үндеу тастады

Індеттің өршуіне байланысты елордада қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Ал санитарлық талаптарды сақтамау қатаң карантин режиміне оралуға әкелуі мүмкін. Коронавирустық инфекцияның көз ілеспес жылдамдықпен таралып, науқастардың саны жылдам артып бара жатқанын айтып, бас қала әкімі тағы да ьүндеу жариялады. Алтай Көлгінов өзінің Фейсбуктегі парақшасына пандемияға салғырт қарап, бейқам жүрген елордалықтарды ес жиюға шақырып жатыр. Оған қоса дәрігерге уақытылы қаралмай, өзін-өзі емдеумен айналысатын адамдар азаймаса, әрі мекемелерде қауіпсіздік ережелері бұзыла берсе, қала карантинге қайта жабылуы мүмкін екенін айтты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top