Коронавирус үлкен адамдарға,
бес жасқа дейінгі балаларға,
жүкті әйелдерге,
иммунитеті әлсіз не жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп туғызуда. Сол себепті бұл топтағы адамдарға сақтық шараларын қатаң сақтап, үйден көп шықпай, көпшілік жерлерге бармауға кеңес береміз.
Сырқат кей науқастарда ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Кей жағдайда вирус өлімге әкеледі.
Қазіргі таңда аурудың алдын алудың бірден бір жолы - вакцинация (екпе алу)!