«Махаббат бекеті» — мелодрама жанрындағы қазақ режиссері Талғат Теменовтың фильмі. Фильм Теменовтың «Гүлназ» повесті бойынша түсіріліп, 1993 жылы жарыққа шықты. Оның сюжеті махаббат үшбұрышы жайлы баяндайды. Басты рөлді Баян Мұхитденова сомдайды, оған ғашық болған екі сыныптасы – Орал мен Жеңісті Куанычбек Абылов пен Бопеш Жандаев ойнайды.
Фильм оқиғалары 1980 жылдары қазақ КСР территориясындағы «Махаббат» атты теміржол станциясында басталады.
Гүлназ (Баян Мұхитденова) атты жас қыз станцияға ағасының үйіне орта мектептің соңғы сыныбын бітіру үшін оқуға келеді. Сол жерде кездестірген бірінші адам оның болашақ сыныптасы Орал – атасымен ғана тұратын тақыр жетім болады. Алғаш танысқаннан-ақ Орал жаңа қызды ұнатып қалады. Алайда мұғалім Гүлназды онымен емес, Жеңіспен отырғызуды жөн көреді. Жеңістің жүрегінде де Гүлназға деген сезім пайда болады. Екі сыныптастың бәсекелестігі ақыры Оралдың ашуланып Жеңіске суық қарумен оқ атуына әкеп соғады. Бақытына орай, Жеңіс аман қалып, Оралды кешіреді. Оралды абақтыдан шығарады. Онысы үшін риза болған Орал Жеңіске көзіне мүлде көрінбеуге және басқа жерге көшуге сөз береді. Көшерінен алдын ол Гүлназбен кездеспек болады, алайда оны үйінен таба алмайды. Орал болған жағдайды түсіндіретін хатты ағасына қалдырып кетеді. Бірақ ағасы бұл хатты өртеп жібереді. Жеңіс Гүлназды Оралдың оны тастап кеткеніне сендіріп, махаббатына ант етіп, онымен бірге болуын сұрайды.
Біраз уақыттан кейін Алматыда жұмыс істейтін және тұратын Орал көшеде Жеңісті кездестіреді. Жеңіс оған Гүлназға үйленетінін айтады және тойға шақырады. Неке тойында Орал мен Гүлназ көрісіп, бір біріне бәрін тілсіз түсіндіреді, бірақ тым кеш болды.
Жылдардан кейін Орал пойызда туған «Махаббат» станциясына барады. Вагонда ол кішкентай қызды кездестіреді, онымен сөйлесіп, қыздың анасы әкесімен ажырасқанын біледі. Пойыз станцияда тоқтаған кезде, қыз анасы Гүлназбен бірге шығады. Фильм Гүлназ бен Оралдың бір бірімен көз жанарлары түйіскен жерден аяқталады.