КИІКСТАН (деректі фильм)

«КИІКСТАН» - киіктердің экологиясы, тарихы және олардың қазіргі кездегі жағдайы туралы деректі фильм. Фильмде киіктердің ерекше түр ретінде маңыздылығы, олардың Қазақстан мен басқа да елдердегі популяциясы, экологияға, экономикаға және мәдениетке әсері баяндалады. Фильм киіктерді қорғау қажеттілігіне назар аударады және осы бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын көрсетеді. «КИІКСТАН» деректі фильмінің авторлары көрермендер ақбөкен жайлы, оның қазіргі мәселелері жайлы толық мәлімет алып, дұрыс түсінік қалыптастыра алатын зерттеу ұсынуды мақсат еткен. Фильмде бастан-аяқ эксклюзив кадрлар көрсетіледі. Бұрын ешқашан қоғам алдына шықпаған киікке қатысы бар тұлғалар сөйлеп, ешқашан айтылмаған тың деректер жарияланды. Фильмде сарапшылар, қоғам белсенділері және фермерлер киіктердің экожүйеге әсері, олардың санының көбеюі мен бұл мәселеге байланысты туындаған қиындықтар туралы пікірлерімен бөліседі. Киіктердің шабындық жерлерге әсері мен мал шаруашылығына тигізетін ықпалы да қарастырылады. Кәсіпқой аңшылардың киіктерді аулау тәжірибесі және киіктерді қорғау бойынша қабылданған шаралар да фильмде көрсетілген. Сондай-ақ, фильмде киіктердің мәдениеттегі орны мен олардың тарихи маңыздылығы баяндалады. Киікке қатысты барлық мәселе осы фильмде жинақталып, қоғам назарына ешқандай манипуляциясыз, лоббисіз ұсынылып отыр. Сондықтан соңына дейін мұқият қарап шыққан адам проблеманың басқа қырларын көріп, мәселенің шынайы масштабын бағалай алады. Бұл деректі фильм көрермендерге киіктерді сақтау және қорғау мәселелерінің өзектілігін түсінуге көмектеседі. Тайм-код: 00:00 КИІКСТАН 00:28 БӨКЕН. І бөлім. 7:30 ШӨП. ІІ бөлім. 18:13 ЖЕР. ІІІ бөлім. 25:19 СУ. IV бөлім. 35:16 САНАҚ. V бөлім. 45:24 АУРУ. VІ бөлім. 50:53 КЕНЕ. VІІ бөлім. 55:33 ЖОЛ. VІІІ бөлім. 59:37 ҚАСКӨЙ. ІХ бөлім. 1:11:11 АҢШЫ. Х бөлім. 1:16:57 ЕТ. ХІ бөлім. 1:30:57 МҮЙІЗ. ХІІ бөлім. 1:38:51 КИЕ. ХІІІ бөлім. 1:46:55 ТҮЙІН. ХIV бөлім. Фильмнің кадрларын автордың рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Деректі фильмнен үзінділер келтірілгенде фильмнің толық нұсқасына жазбаша сілтеме көрсету және гиперсілтеме қою міндетті.
Back to Top