Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.» (Әбушшәйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.» (Тирмизи)
Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады. Фатиха сүресі дұғалардың ең жақсысын білдіру үшін түсті. Имам “әл-Фатиха” деген кезде әркімнің дауыссыз оқулары жақсы болады. Өйткені дұғалардың соңында хамд ету (мадақтау) мүстаһаб. Ал хамд етудің ең жақсысы – Фатиха оқу. (Бәриқа)
1 view
1261
304
6 months ago 00:14:03 1
СУРА 1: «АЛЬ-ФАТИХА» (ОТКРЫВАЮЩАЯ КНИГУ) /«ӘЛ-ФАТИХА» 1 СҮРЕСІ / SURAH 108 «AL-FATIHA». Muslim Club.
7 months ago 00:00:56 1
Фатиха сүресі
7 months ago 00:03:57 1
Құран бағыштау. Научиться посвящать Коран. Learn to dedicate the Quran. Марқұмдарға қ&
10 months ago 00:00:26 1
Фатиха сүресі жаттауға өте оңай
1 year ago 00:16:04 1
40 жылдық дуаны жоқ қылатын сүрелер.
1 year ago 00:18:06 1
Ең хайырлы сүре - Фатиха сүресі! Барлық Дертке Шипа болады - Серік қари Ахметов. сурелер мен дугалар
1 year ago 00:00:52 1
Фәтиха сүресі өлімнен басқаның бәріне шифа
1 year ago 00:00:54 1
Әл-Фатиха Сүресі
2 years ago 00:33:31 1
Әл-Кәһф сүресі الكهف (Үңгір)
2 years ago 00:49:02 1
“әл-Фатиха“ сүресі 1: “Қайталанып тұрушы жеті аят - Ұлы Құр
2 years ago 00:01:43 1
Фатиха сүресі, сура Фатиха (барлық ауруға шипа)
3 years ago 00:00:34 25
Кафирун сүресі 🍃 Мансур ас Салими 💫 Құран 🌾 амал дәптер 🍃 amal dapter surah fatiha 💫 quran
3 years ago 00:01:14 5
Фатиха сүресі 🍃 Сальман аль Утайби 💫 Құран 🌾 амал дәптер 🍃 amal dapter surah fatiha 💫 quran
3 years ago 00:15:00 1
Құран-жанның шипасы. “Фатиха сүресі“ жайында. Асыл арна
4 years ago 00:02:03 7
Ең берекелі сүре - Фатиха сүресі | Серік қари Ахметов & Дидар Сыздық.Куран сурелер мен дугалар
4 years ago 00:02:13 1
Ханафи мазхабы бойынша намазда екі қолды қайда байлаймыз?
5 years ago 00:08:30 2
Құран оқып үйрену - 1. Фатиха сүресі.
6 years ago 00:00:54 1
Фатиха сүресі - Орыс тілінде - Оқыған: Қайпиев Әсет Қайратұлы
6 years ago 00:00:55 2
Фатиха сүресі - Ағылшын тілінде - Оқыған: Қайпиев Әсет Қайратұлы
6 years ago 00:45:31 4
Фатиха сүресі - қазақ тілінде - толық видео нұскасы - оқыған: Қайпиев Әсет Қайратұлы - Құрани Кәрім
6 years ago 00:27:59 1
ФАТИХА СҮРЕСІН КҮНДЕ 33 РЕТ ТЫҢДАҢЫЗ! Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.
6 years ago 00:10:48 1
“Фатиха“ сүресі жайлы не білесіз? / Құран құндылықтары / Асыл арна