Хоккейден Президент Кубогы -2017

2017 жылдың 6-12 тамыз күндері хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» VIII халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында «Барыс» (Астана, Қазақстан), «Адмирал» (Владивосток, Ресей), «Авангард» (Омбы, Ресей), «Давос» (Давос, Швейцария), «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) және «Трактор» (Челябинск, Ресей) командалары мұз айдынында өзара мықтыны анықтайды. Турнирлік кездесулер Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Сондай-ақ, тамыздың 12-сі күні турнир жеңімпаздары анықталатын болады. Айта кетейік, Хоккейден Қазақстан Республикасы Президенті кубогы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. «Kazsport» телеарнасы барлық ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.
Back to Top