Серікбол Әділбекұлы Қондыбай (1968 – 2004жж).

Серікбол Әділбекұлы Қондыбай (1968 – 2004жж). Қалың Қазаққа Серікбол Қондыбай есімі етене таныс. Ол жасындай ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор қызмет атқарған қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалымы. Тоғыз жыл төсекте таңылып, арбада отырып, тапжылмастан 16 том ғылыми еңбектер жазған жанкешті зерттеуші, жансебіл азамат. Серікбол Әділбекұлы Қондыбай 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1997 жылға дейін Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинап, бірнеше кітап жазған. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген з
Back to Top