Маңғыстаулық жырау Жақсылық Елеусінов ( Бегей Батыр жырынан үзінді )

Бір айтқан жырын екінші рет қайталап айтпайтын ерекше қабілетті эпик жыршылар өте сирек. Өкінішке орай бұл сондай асыл тұяқтың - жырды әуелде ауызша жырлау арқылы үйренгендердің соңы шығар деп ойлаймын. Қазақтың жыршылық мәдениеті қандай қасиетінен ажырап қалып отырғанын осыдан-ақ біле беріңіз, ағайын. Мына кісі Маңғыстауда тұратын эпик жыршы Жақсылық Елеусінов. Жасы ұлғая келе екі көзден қалып соқыр болған (әлем халықтарына ортақ үрдіс бойынша кейбір жыршылар туғанда немесе жүре келе соқыр болады. - Б. Ж.), түсінде Қашағаннан бата алған, әйгілі Сүгір жыраудың ізіне жиырма жылдай еріп шәкірт болған. Қалың Адайдан сүйінші, бірінші рет үзіндісі жарияланып отырған мына көлемді жыр “Бегей батыр“ деп аталады. Бұрын еш жерде жарияланбаған, бізге дейін қағаз бетіне де түсірілмеген. Бір заманда Бұқара мен Түркіменстан қазақтарының арасында айтылып жүрсе керек. Мен жүргізген тәжірибе жұмысы кезінде Жақсылық аға бұл жыр нұсқасының (вариант) үш түрін (версия) айтқан болатын, ғажабы бірі екіншісіне ұқсамайды. Алла қаласы
Back to Top