ҚАРАҒАН ҮҢГІРІ! МАҢҒЫСТАУ!
1931 жылдарда Адайлар, Қызыл бәлшебектерге қарсы соғысқанда, Адайлардың басшысы болған Ырысқұл(Құнанорыс) Мырзалы хан шейіт болып қаза тапқаннан кейін, Мырзалы ханның жасағы осы Қараған үңгіріне тығылған екен. Іздерінен қуып келген командир взводы Петровтың әскері үңгірдің аузында тұрып Адайлармен атысқан. Орыс бәлшебектері атысып үңгірден Адайларды шығара алмағасын, 3-4 гранатаны үңгірге лақтырдық деп жазады, өздерінің жоғары жаққа берген мəліметінде. Шаң басылған соң дыбыс болмады, бəрінде топырақ басып қалғаны анық болған соң кері полкқа оралдық дейді. Ол жерде қаншасы өліп, тірі қалғаны туралы мəлімет жоқ. Міне дəл осы үңгірдің кірер жердегі құлап жатқан үйіндінің сыры осылай. Граната лақтырғаннан үңгірдің аузы құлаған екен.
ҚАРАҒАН ҮҢГІРІ — Балуанияз батырдың соңғы жорығындағы Қараған Босағадан арыда, Бас Қарағаннан беріде, яғни ортасында орналасқан.
Видео - Берік Дәуеновтың фейсбуктегі парақшасынан алынды!