Шенділер жүгіруден жарысты

“Динамо“ стадионында өңіріміздің құқық қорғау органдарының өкілдері жүгіруден президенттік тест тапсырды. Әуелі 30 жастан асқан нәзікжандылар сынға түсті. Қыз-келіншектер 1200 метрге жүгірсе, ер адамдар 2400 метрді бағындырды. Ең жүйріктері - Ұлттық ұлан академиясының өкілі Әйгерім Ниязтайқызы мен полиция департаменті аппаратының өкілі Илюбаев. Ал 30 жасқа дейінгілер арасында облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының маманы Дарья Фельдман мен Ұлттық ұлан академиясының қызметкері Мақсұт Мұратбеков жеңімпаз атанды.
Back to Top