Қапастағы қорқаулар

Қазақ намысты қолдан бермеген жауынгер халық еді. Тамырында намыс қаны ойнаған ұлттың бүгінгі ұрпағы күш - жігерін әділетсіздікпен күреске емес, нысапсыз байлыққа, тонау мен бопсаға жұмсауда. Арман да оңай олжаға қызығып, оқуын тастапты. Ақыл айтқан ата-анаға жекіп, ажалмен «ойнайтын» қылмыс әлемін таңдапты. Базардағыларды бопсалап, «салық» төлемегенін өлімші етіп сабайды. Қапасқа түседі. Қылмысты дінмен ақтау деструктивті ағымдарға тән құбылыс. Сол арқылы қатарларын көбейтеді. Арман да аз уақытта Алланың емес, адастырушылардың әдемі сөзіне арбалып, зомбиге айналды.
Back to Top