Авторы:Жанар Ешназар Оқыған: Әсем Сұлтан

СҮЙЕДІ ЕКЕМ, ҚАНШАЛЫҚ? Сенімен әсем, қызықты мынау айнала. Өзіңсіз әлем, айналар бұлдыр айнаға. Өзіме теңдес жаралған жарқын жарығым, Сезімге берік, жаныма серік, сай ғана. Көңілге күрең күмәнді қаяу бермеген. Түсініп жаным, ескеріп райым, елеген. Өзіңнен асқан, бар ма екен жақын жалғанда? Қуансам қолдап, жығылсам қорғап, демеген. Торыққан сәтте жалғадың талай күдерім, Көрсете білдің ғұмырдың ғажап гүлдерін. Жанымда жүрсең сезіндім шуақ-шұрайды, Сенімен бірге мазмұнды менің күндерім. Сенімен ғана сәулелі ғалам, жап-жарық. Отырам кейде өзіме-өзім таңқалып. Таңданам сонда осы бір қызық сұраққа, Жаным-ау сені, сүйеді екем, қаншалық?! Жанар Ешназар 5/01/2019 жыл
Back to Top