Шетелден әкелінген көліктерін заңдастырып үлгермеген азаматтар жауапкершілікке тартылады

Елімізде шетелден әкелінген көліктерін заңдастырып үлгермеген азаматтар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік нөмір алып үлгермеген жүргізушілерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді. Жауапты ведомствоның өкілдері Грузия, Қырғызстан, Ресей нөмірін таққан көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылмайды, өйткені бұл бір реттік науқан деді. Осы шара басталғалы Қазақстанда 304 мың шетелдік көлік заңдастырылған. Оның 21 мыңы қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген темір тұлпар. Тағы 55 мың көлік уақытша есепке қойылған екен. Сондай-ақ оң рөлді көліктерді шетелден әкелуге 6 айға тыйым салынды. Бұл көліктің түрін бөлшектеп кіргізуге де болмайды. АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары: – Заңдастыру өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты: олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 @informburo31kanal Informburo kz @informburokz2022 Facebook - Instagram - Vkontakte - TikTok - @informburo31 Біздің сайт: және Біздің WhatsApp 7 777 331 31 31 #Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал
Back to Top