Бүгін Ұлттық арнаның жаңа маусымын эфир кестесі бойынша «Shipager» бағдарламасы жаңа форматта бастаған еді.
Алғашқы хабар барысында:
• Жалпы сколиоз дерті;
• Балалар арқа омыртқасының қисаюы;
• Сколиозды емдеу жолдары;
• Бел омыртқаның ауыру себептері;
• Балалар рюкзагын дұрыс таңдау және т.б. мәселелер туралы айтылды.
Аталмыш тақырыпты тарқатуға студияға Астана қалалық №2 балалар ауруханасының жоғары санаттағы ортопед-травматолог дәрігері Сүлейменов Жомарт Базарбекұлы шақырылған болатын. Хабарды кім көрді? Пайдалы мағлұмат ала алдыңыздар ма?
Еске сала кетейік, #Shipager бағдарламасы әр сенбі сағат 11:00-де эфирге шығады.
#Shipager #Денсаулық #сколиоз #ЖаңаМаусым #ӘйгерімАғылтаева