Ел арасында “үкілі бала“ деп танылған Аралда тұратын жас емші бар деп шалғайға сабылған жұрт, енді арнамыз арқылы сол баланың өзіне іздеу салып жүр. Сөйтсек, жас емші Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбеде тұрып жатыр екен. Оны біздің тілшілер анықтады. “Үкілі бала“ ауылы Аралқұмды тастап, қалаға білім іздеп келіпті. Болашақта дәрігер болғысы келетін Ерболсын Ақтөбенің білім ордаларынан жан-жақты дәріс алмақшы екен. Емін де қатар жүргізіп жүр. Түске дейін мектепке барса, түстен кейін емделушілерді қабылдайды.