“Жұлдызым“ жобасына іріктеу

жылы Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен ұйымдастырылған “Жұлдызым“ жобасы бойынша Кербұлақ ауданының 25 жасқа дейінгі жастар арасында әншілерден іріктеу (кастинг!) өткізілді. Іріктеуге барлық округтерден 9 үміткер қатысып, Сарыөзек ауылынан Әбжапаров Мәулеш пен Көксу ауылынан келген үміткер Бекқасымова Ақнұр осы жобаға өтті. Жоба негізінде 3 жыл көлемінде осы екі жеңімпазды ауыл әкімдерінің демеушілігімен және аудан әкімінің ұйымдастыруымен аудан атынан “Жұлдызым“ байқауына облысқа дайындау жұмысы жүргізілмек.
Back to Top