ТАРИХТА БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙ
Жакартада өткен Азия ойындарында додаға түскен Парадзюдошыларымыз елге оралды.
Спортшыларымыз командалық есепте бұрын соңды жеңіліп көрмеген Жапония құрамасын тізе бүктіріп 3-орын иеленген болатын.
Ел абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіреткен Парадзюдодан ұлттық құрама мүшесі Бауыржан Арыстанбековті Астана жұртшылығы құшақ жая қарсы алды.
__________________________________________________
Он екі мүшесінің бірі зақымданғанына қарамастан жігерін жанғандар - ердің ЕРІ ғой. Әр күнгі ауыр жаттығу, төгілген тер, ірілі-ұсақты жарақаттар ақыры өз жемісін берді. Ерік күшін жеңгендер ғана марапатқа кенелді.
Спортты жанына серік еткен ұл-қыздарымыз көбейіп, РУХТЫ ұрпақтың саны арта берсін! 🇰🇿