Қазақтың ең артынан бөлініп шыққан да ноғай, сол кеткенде кәдімгі қара домбыраны құшақтай кеткен. Олардың «көпті көрген домбыра» өлеңін тыңдасаңыз, жаныңыз езіліп, туған бауырды құшаққа алғыңыз келеді. Тартқанымыз бір аспап, яғни, өзіміздің домбыра, сөйлегініміз бір тіл, яғни, қазақ тілі. Олай болса, ноғайды елге қайта шақырып, қайта табысқаннан өңгесі қалған жоқ. Ендеше Ноғай да қазақтың бір руы екен дейік, ағайын!