ЖСДП Экологиялық экспедициясы: Астана — Бектау-Ата — Сарышаған (Ресейдің әскери сынақ полигоны)

#ЭкологиялықЭкспедиция #БектауАта #Сарышаған ЖСДП ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 13 маусымда Бектау-Ата және Сары-Шаған елді-менкедерінің экологиялық мәселелері бойынша экпецидияға баратынын жариялады. Сары-Шағаннан 12 шақырым жерде Ресейдің әскери қару-жарақты сынау полигоны орналасқан. Сол сынақтың салдары жергілікті халықтың денсаулығына кесірін келтіріп, жерімізді улауда. Ал Бектау-Ата елді-мекенінің маңында республикалық тас жолы салынып жатыр. Сол жолды салу үшін Бектау-Ата мекенінен керекті тастарды жарып мемлекеттің қорғауындағы “Ұлттық қорықта“ жүрген, Қызыл кітапқа енген архарларды жоғалтып алуымыз мүмкін. Желгілікті тұрғындар дабыл қағып, жол салушыларға төсейтін тасты басқа жерден алуын талап етті. Бірақ, жарылыстар жалғасып жатыр. ​
Back to Top