ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

Атырау қаласының химия-биология бағытындағы НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Шараға мектеп парламенті құрамындағы оқушылардың ата-аналары қатысып Зияткерлік мектептің жаңа оқу жылындағы жетістіктерімен танысты. Мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы білім мекемесінің дамуы мен қарқынды жұмыс жасауына қолдау білдірген бірқатар белсенді ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс хаттар табыстап, мерекемен құттықтады.
Back to Top