Біздің билік бір партияның үстемдігінен шаршаған сыңайлы. Парламенттік оппозиция керек деген қанатты сөз басқа басқа емес, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз аузынан шықты. Мемлекет басшысы жұрт айнала толған агрессиядан, теке-тірестен шаршағанын тілге тиек етіп, саяси өзгерістер жасайтын уақыт келгенін мәлімдеді. Аптада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында сенім ұялататындай сөздер айтылды.
Мәселен митингке шығу үшін енді жергілікті билік орындарынан рұқсат алудың қажеті жоқ. Тек ескерту жасалса болды. Бірақ қоғамдық тәртіп бұзылмауы тиіс. Тәртіп бұзатындай тас ғасырында жасап жатпағанымыз да анық. Сондықтан конструктивті диалогқа кеңінен жол ашылмақ. Партия құру шарттары да жеңілдейді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан