Дәл қазір Алматының атышулы Алғабасындағы қисайған үйден үрейленген тұрғындар үдере көшіп жатыр. Елге апатты үйлерімен танылған ықшамауданның аты «Зерделі» деп ауысқанымен, заты ауыспапты сол күйі. Тоғыз қабатты тұрғын үй күннен-күнге артқа қарай қисайып барады. Сол себепті тұрғындар күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырылдық деп отыр. Қорқыныш өз алдына, қақаған қыста баспана оңайлықпен табылар емес. Әсіресе көп балалы отбасыларға қиын соғып жатыр. Біріншіден, баламен ешкім алмайды, одан қалса, жақын маңдағы үйлердің иелері бағаны шарықтатып жіберген.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!