Елде соғым науқаны қызып тұр қазір. Бұл көшпенділердің тұрмысында қалыптасқан қысқы азықтың қамы ғана емес, тұтас бір ғұрып жоралғылардан құралған салт. Күздікке, қысқы соғымға мал сою, оның етін мүшелеу, сақтау, қуырдақ жасап көрші қолаңға қонағасын беру, құда-жекжатқа сыбаға бөлу тағысын тағы. Соғымы сайлының қазаны майлы, соғым басы елдің асы, наурыз асы жердің асы деп қадірлеген қазақ қасапшыға да еңбегі үшін «қолкесер» деп ет беріп келген.
Бірақ осы қазақылық пен мұсылманшылық астасқан шарттар мен жоралғылар бүгінде қаншалықты сақталып отыр? Қолкесерлік сыбағасы қазір көк қағазбен өлшенеді. Оны қойшы, қолкесерлерің баскесерлік танытып, малды азаптап өлтіруге мәстір боп алған осы күні. Әлеуметтік желіге таралған видеолар алаш жұрттын жаға ұстатты. Өкініштісі жануарды басынан ұрып, не тоқпен талдырып жатқан қасапшыларың өзіміздің қаракөздер. Арам қатқан жануардың еті харам болатыны, одан түрлі аурулар тарайтынын қыстырмаса керек.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан