Жас жігітті қылқындырып өлтірген адам 1 жылға сотталды

Алматыда 24 жастағы жігіттің өмірін қиған адамды сот небәрі 1 жылға ғана бас бостандығынан айырған. Алайда, судьяның бұл шешіміне марқұмның ата-анасы наразы. Қайғыдан қан жұтқан жандардың уәжінше, ұлдарын бес адам жабылып ұрып, артынша буындырып өлтіріпті. Бірақ, тергеу бұған көз жұмған, жігіттің досын ғана кінәлі деп тапқан екен. Сот та онымен келісіп, осындай жаза кесіпті. Бұған шамданған жәбірленуші тарап әділдік іздеп Жоғарғы сотқа дейін барамыз дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top