Олжабайлап ат қойған,
Қалың жауға шүйлiгiп.
Жау ордасын талқандап,
Салған талай қиғылық.
Тiрiсiнде-ақ аңыз ғып,
Ел ерлiгiн тербеген.
Көк нөсерлi күй қылып,
Арыс ұлы халқының
Дархан жаны даладай.
Дүниенiң бетiне өткен сiрә қарамай
Бала мiнез бабам - ай.
Неткен халық көреген,
Халқың неткен данышпан.
Жырың сенiң тұрғандай,
Төгiлiп бiр ғарыштан
Жау жарағың, алмасың
Аярлықпен алысқан.
Семсер жырың серпiндi.
Iшке бүгiп кетсең де
Өзектегi өртiңдi.
Аңыз қылып айтады ел,
Жiгерiң мен еркiңдi.
Батыр едiң, ел – жұртты
Азат еткен тепкiден.
Жырау ең сен жүректе
Жыр жүйрiгiн теткiген.
Әулие де едiң сен
Көре бiлген келерiн.
Бұған куә бiр аңыз
Жеткен бiзге ескiден.
Олжабайлап ат қойып,
Сансыз жаудан қыңбаған.
Жауды жойып, қашырмай,
Белiн шешiп тынбаған.
Кезiм жеттi атыңды жырға қосып шалқитын,
Жыр толғамақ сен жайлы,
Сенсең баба сын маған.
Сүлеймен Баязитов
115 views
5900
2939
3 years ago 00:01:43 5
«Қарымды қаламгер Сүлеймен Баязитов» атты оқу марафоны.